"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жаңақорған ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 479 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6243 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |