Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 430 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы № 167 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қазанда № 30303 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 04.09.2023 № 54 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 430 "Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7648 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Сырдария ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:

      көрсетілген шешімнің 7 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі үш айдан кешіктірмей, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай көрсетіледі:

      қайтыс болған әрбір отбасы мүшесіне - бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады;

      қатерлі ісік, оның ішінде жедел лимфоидты және миелоидты лейкоз ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай - 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады;

      3) жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын балаларға, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған, толық емес отбасыларындағы балаларға, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейініңүш еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда;

      аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда.

      Жоғарыда аталған санаттағы тұлғаларға әлеуметтік көмек өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша күндізгі оқу нысанында жоғары оқу орны ұсынатын білім беру қызметтерінің құны мөлшерінде жыл сайынғы біржолғы төлемнен, сондай-ақ тамақтануға және тұруға кететін шығындарды өтейтін 72 (жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлемнен тұрады;

      4) оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілетін бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушілерге шығындарын өтеу жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария аудандық мәслихат хатшысы Е. Әжікенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады