Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 3050 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27565 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысына сәйкес және жергілікті қауымның пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Шиелі кентіндегі атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар:

      1) атауы жоқ көшеге – Ақтай Арзықұлов есімі;

      2) атауы жоқ көшеге – Төлепберген Әшірбеков есімі;

      3) атауы жоқ көшеге – Әбдуали Әлжанов есімі;

      4) атауы жоқ көшеге – Әлайдар Каюпов есімі;

      5) атауы жоқ көшеге – Бөрібай Сәмбетов есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі кентінің әкімі Ғ. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады