Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 79 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26608 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 79 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3024 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларында:

      4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Маңғыстау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

Елді мекен орталығының атауы

Жылу энергиясын тұтыну нормалары

Өлшем бірлігі

Мәні

1.

Ақтау қаласы

көппәтерлі тұрғын үйлерінде бір шаршы метр

Гкал/м²

0,1415

2.

Жаңаөзен қаласы

көппәтерлі тұрғын үйлерінде бір шаршы метр

Гкал/м²

0,2103

3.

Мұнайлы ауданы

көппәтерлі тұрғын үйлерінде бір шаршы метр

Гкал/м²

0,2016

      ".

      2. "Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады