Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | Б. Орынбасаров |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 14 сәуірдегі | |
№ 54 | |
қаулысына 1- қосымша |
Маңғыстау облысының 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1- қосымша жаңа редакцияда Маңғыстау облысы әкімдігінің 14.11.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидиялар көлемі | Субсидиялар сомасы, теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 10 000 | 110 | 1 100 000 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 10 | 150 000 | |
2 | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 7 | 1 050 000 |
Барлығы: 2 300 000 | |||||
Қой шаруашылығы | |||||
3 | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
3.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4000 | 50 | 200 000 |
3.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2500 | 200 | 500 000 | |
4 | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 15 000 | 10 | 150 000 |
Барлығы: 850 000 | |||||
Етті құс шаруашылығы | |||||
5 | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
5.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 1 303 950 | 65 197 500 |
Барлығы: 65 197 500 | |||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
6 | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 60 | 1000 | 60 000 |
Барлығы: 60 000 | |||||
Жергілікті бюджеттен қаражат есебінен | |||||
7 | 2022 жылға ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | ||||
7.1 | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 1600 | 32 000 000 |
7.2 | Ұсақ қара малдың аналық басы | 5000 | 28 620 | 143 100 000 | |
7.3 | Жылқылардың аналық басы | 20 000 | 12 875 | 257 500 000 | |
7.4 | Түйелердің аналық басы | 20 000 | 7920 | 158 400 000 | |
8 | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 1000 | 55 000 |
Барлығы: 591 055 000 | |||||
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялаудың резервіндегі (күту парағы) субсидиялар көлемдері | |||||
9 | Құс етін өндіру құнын арзандату | ||||
9.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 357 450 | 17 872 500 |
10 | Ауыл шаруашылығы малдарының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | ||||
10.1 | Ірі қара малдың аналық басы | бас | 15 000 | 143 | 2 145 000 |
10.2 | Жылқылардың аналық басы | 10 000 | 2170 | 21 700 000 | |
13.3 | Түйелердің аналық басы | 10 000 | 552 | 5 520 000 | |
Резерв (күту парағы) бойынша барлығы: 47 237 500 | |||||
Жиынтығы: 706 700 000 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 14 сәуірдегі | |
№ 54 | |
қаулысына 2 -қосымша |
Маңғыстау облысы бойынша 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемшарттары | Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі | Өтінім беру мерзімі |
1 | Ірі қара малдың аналық басы |
1) өтінім берген сәтте меншікті (сиырлар мен 18 айдан асқан қашарлардың); | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық қорымен интеграцияланған өзара іс-қимыл | Ағымдағы жылғы 15 сәуірінен 20 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) |
2 | Ұсақ қара малдың аналық басы |
1) өтінім берген сәтте қой/ешкінің меншікті аналық басы (12 айдан асқан); | ||
3 | Жылқылардыңаналық басы |
1) өтінім берген сәтте меншікті аналық басы (36 айдан асқан); | ||
4 | Түйелердің аналық басы |
1) өтінім берген сәтте меншікті аналық басы (36 айдан асқан); |