Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 01-05/44 хаттамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекішілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2022 жылғы 8 маусымдағы | |
№ 88 | |
қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы | Өлшем бірлігі | Мөлшері | Мерзімі |
1. | Ақ қауданды қырыққабат | 1 килограмм | 255,5 теңге | 90 күн |
2. | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 %, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) | 1 килограмм | 3 744,5 теңге | 90 күн |
3. | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | 10 дана | 416 теңге | 90 күн |