Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/159 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қыркүйекте № 29411 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3923 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерінде:

      "Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылдан 10 жылға дейін)" бөлімде:

      реттік нөмірі 4-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарында пайдалану

әрбір күн үшін

0,1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

      ".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады