Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2658 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Тасорпа", "Жабайұшқан", "Адамтас", "Манашы" мемлекеттік табиғи қаумалдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына және "Көлеңкелі", "Есет" мемлекеттік табиғи қаумалдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін".
2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігінің Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комитеті