Маңғыстау облысы бойынша газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 211 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қарашада № 30503 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 20-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігі бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Б. Орынбасаров

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 11 қарашадағы
  № 211 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы бойынша газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газы көлемдерін айқындау тетігі

      1. Маңғыстау облысы бойынша газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері үшін сұйытылған мұнай газының көлемін айқындау тетігі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 тіркелген) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Тетік).

      2. Егер сұйытылған мұнай газын жеткізуге 150 (жүз елуден) астам өтінім берілген жағдайда, бөлу осы Тетікке сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылардың, автогаз құю станцияларының иелері арасында бөлу өндіруші зауытынан тиеп-жөнелту кезінде арнайы тасымалданатын құралдардың түрі мен жабдығына қарай мынадай өлшемшарттар негізге алына отырып қаралады:

      автокөлігімен тиеп алатын жағдайда газ көлемдерін бөлу автогаз құю станциялары арасында жүзеге асырылады;

      сұйытылған мұнай газын құю және төгу үшін арнайы жабдықталған теміржол вагон-цистерналарында тиеп-жөнелту кезінде сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу газ толтыру станциялары, газ толтыру пунктілері, топтық резервуарлық қондырғылары иелері арасында жүзеге асырылады. Сұйытылған мұнай газын құю және төгу үшін арнайы жабдықталған теміржол вагон-цистерналарында сұйытылған мұнай газын жеткізу мүмкіндігі бар газ толтыру станцияларымен, газ толтыру пункттерімен, топтық резервуарлық қондырғылармен сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған шарт болған кезде автогаз құю станцияларының иелері арасында көлемдерді бөлуге жол беріледі.

      Өндіруші зауыттан тиеп-жөнелту кестесіне сәйкес бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін жеткізу жоспарынан бас тартқан (иесінің ресми жазбаша бас тартуына сәйкес) немесе уақытылы алып кетпеген жағдайда (шартта көрсетілген кесте бойынша өндіруші зауыттан алып кетпеген жағдайда), сондай-ақ газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иесінің әрекеті тоқтатыла тұрған жағдайда, Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газының тапшылығына жол бермеу мақсатында, бұл субъектілер ағымдағы айдың жеткізу жоспарынан шығарылады, бұл ретте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың және автогаз құю станцияларының басқа иелеріне сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемдерін бөлу туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Сұйытылған газдың жеткізілмеген көлемдері аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына келіп түскен өтінімдерге сәйкес тиісті аудандағы немесе қаладағы газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың және автогаз құю станцияларының басқа иелері арасында бөлінеді.

      4. Маңғыстау облысы аудандарының (облыстық маңызы бар қалаларының) жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтарда сұйытылған мұнай газының өтінімдерін қалыптастыру жөнінде комиссияны құрайды (бұдан әрі – Комиссия).

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жиынтық өтінімдерін қалыптастыру жөніндегі Комиссиялардың шешімімен мақұлданған жиынтық өтінім, газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қоңдырғылар, автогаз құю станциялары иелерінің арасында сұйытылған мұнай газын жеткізушілер мен бөлу есептеулері бөлінісінде Комиссиялар отырысының хаттамалары жалғанып, жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірілмейтін мерзімде "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) жіберіледі.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында:

      1) жиынтық өтінім;

      2) Комиссия отырысының хаттамасы жарияланады.

      Жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі Комиссияның жиынтық өтінімі және оның отырысының хаттамасы облыстың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      5. Өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газы өндірісі көлемдері туралы мәліметтері өзгерген жағдайда Басқарма аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарға 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жиынтық өтінімді түзету қажеттілігі туралы хабарлайды. Бұл ретте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Басқармаға жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей түзетілген жиынтық өтінімді жолдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады