Ақтау қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 11/90 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27187 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексі, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтау қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Закенов

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2022 жылғы 25 ақпандағы
  № 11/90
  шешіміне қосымша

Ақтау қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормалары, м3

1.1.

Жайлы үйлер

1 тұрғын

3,21

1.2.

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,09

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,39

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

3,86

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,73

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,96

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,25

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

3,36

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,55

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,43

11

Мұражайлар, көрмелер*

Жалпы алаңы 1 м2

0,023

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,21

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,17

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

1,58

15

Машиналардан сату**

сауда орнының 1 м2

-

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,43

17

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,32

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,32

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,42

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,94

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,7

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

3,2

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,05

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,55

25

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орны

1,83

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесы

Жалпы алаңы 1 м2

1,25

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,44

28

Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,24

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,56

30

Қаланың аумағында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары*

1000 қатысушылар

1,57

31

Бағбандық кооперативтері

1 учаске

-

      *-нормалар зерттеу кезеңінде презентация деректердің болмауына байланысты қайта қаралмады, оның барысында мұндай іс -шараларды өткізуге шектеулер болды және бұрын бекітілген көрсеткіштер бойынша қабылданды

      **-нормалар қызмет түрінің ауқымды дамуының болмауына байланысты қайта қаралмады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады