Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 18/147 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28035 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 14/111 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 14/111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4502 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      8 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдарға Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отабсыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери - Теңiз Флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшiн жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Тәжікстан - Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      ұрыс қимылдары аумағында мүгедек болған азаматтарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға, бір рет, табысы есебінсіз, емделуге шипажайлық – курорттық жолдама беру арқылы ұсынылады;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы Т. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады