Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімдігінің қаулысының күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 630 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31200 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3364 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі А. Косуаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады