Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31358 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 10 қаңтардағы №1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3774 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1 қосымшада:

      № 71 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 71 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қалаласы бойынша білім бөлімінің "№11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Мұса Төлеуұлы, Нұрғиса Тілендиев, Нұркен Әбдіров, Төле би, Әнес Айтниязов, Жұмекен Нажимеденов, Жайберген Бейнеубаев, Төлеген Тоқтаров, Төлеген Айбергенов, Мұқан Төлебаев, Ғани Мұратбаев, Мәлік Ғабдуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Есенберлин, Ахмет Жұбанов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Ер Шабай, Қазақстан, көшелеріндегі барлық үйлер.";

      № 72 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 72 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Ата мұра" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Сәттіғұл, Құлшар күйші, Бейбітшілік, Қылыш Нәдірбаев, Әліби Жангелдин, Фетисов, Балуанияз, Тобанияз, Ер Қармыс, Түмен Балтабасұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Дина Нұрпеисова, Жалау Мыңбаев, Абыл Өтембетұлы, Нұрым Жырау Шыршығұлұлы көшелеріндегі барлық үйлер.";

      № 75 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 75 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Арай" шағын ауданы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қалаласы бойынша білім бөлімінің "№5 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Ақбұлақ" шағын ауданындағы Төреғали Қадыров көшелеріндегі барлық үйлер және 55А, 55/3 үйлер, Михайл Кулебякин, Тұтқабай Әшімбаев көшелеріндегі барлық үйлер; Тасемен Алдашев көшесіндегі барлық үйлер; "Мамыр" шағын ауданындағы Ноқат Дербисов, Есенғали Бөкенбаев, Жаманқара Иса, Абыз Тілеген, Халел Өзбекқалиев, Ер Төлеп көшелеріндегі барлық үйлер.";

      № 81 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 81 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының "Көктем" шағын ауданы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: "Көктем" шағын ауданындағы №№ 22, 23, 23Д, 24, 25, 25А, 26, 27, 32, 33, 50, 51 үйлер.";

      № 84 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 84 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1А құрылысы, "Неке сарайы" ғимараты.

      Шекарасы: "Өркен" шағын ауданындағы №№ 28, 31, 34, 43, 44, 45, 54, 56, 57, 58, 61, 62 үйлер.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі А. Косуаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады