"Бейнеу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 27 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 217 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде № 28681 болып тіркелді

      Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 11 ақпандағы № 27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26841 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Бейнеу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      11- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін Бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.".

      2. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады