Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашасындағы № 27/226 "Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 24/232 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29974 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26 наурыздағы 2024 жылғы № 14/121 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.03.2024 № 14/121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашасындағы № 27/226 "Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3722 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің 1 қосымшасында:

      1 тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайыз мөлшерінде.";

      4 тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес пайдалы алаң алынады, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы К. Мансуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады