Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің "Көшелерге ат қою туралы" 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 сәуірде № 27517 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы әкімінің "Көшелерге ат қою туралы" 2009 жылғы 30 қазандағы № 7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-3-89 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақжігіт ауылындағы мына көшелерге:

      "Бейнеу-Тәжен автомобиль жолына солтүстік-шығыс бағытынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы, Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты "Ақжігітмәдениет" үйі, "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттары орналасқан көшеге – "Тәуелсіздік";

      "Тәуелсіздік" көшесіне оңтүстік – шығыстан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 38-50 тұрғын үйлер орналасқан көшеге – "Егемендік";

      "Тәуелсіздік" көшесінің солтүстігінен қиып өтетін, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 1-26, № 69-79 тұрғын үйлер орналасқан көшеге "Бейбітшілік" атаулары берілсін.".

      2. "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжігіт ауылы әкімі аппаратының бөлім басшысы А. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжігіт ауылының әкімі Ж. Салиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады