Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 128 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27263 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 6 мамырдағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Осы шешімнің схемалық картасына сәйкес Бейнеу ауылындағы келесі көшелері қайта аталсын:

      Мәди Бегенов көшесін Әлихан Бөкейхан көшесіне;

      Есекмерген батыр көшесін Бекес Дәрментайұлы көшесіне;

      Қабиболла Сыдиықов көшесін Ізтұрған Меңдіқұлов көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауылының әкімі Р. Тайшыбаев

  Бейнеу ауылы әкімінің
  2022 жылғы 17 наурыздағы
  № 128
  шешіміне қосымша

Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы көшелерді қайта атау туралы схемалық карта




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады