ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 272 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2355 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1 – тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 23.09.2022 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 24 наурыздағы | |
№ 37 | |
қаулысына қосымша |
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2013 жылғы 18 желтоқсандағы | |
№ 272 қаулысымен бекітілген |
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы |
Жалпы ұзындығы |
1 | KR-KG-1 | "Қызылсай ауылы – Сенек ауылы" | 27 |
2 | KR-KG-2 | "Жаңаөзен – Құланды ауылы" | 4,1 |
3 | KR-KG-3 | "Ракушечное" кенорнына кірме жолы | 18 |
4 | KR-KG-4 | Қарақия теміржол станциясына кірме жолы | 12 |
5 | KR-KG-5 | Мұнайшы ауылына кірме жолы | 3 |
6 | KR-KG-6 | Жетібай станциясына кірме жолы | 2 |
7 | KR-KG-8 | Құрық ауылынан өту жолы | 1 |
8 | KR-KG-9 | Қарақия теміржол станциясына өту жолы | 3 |
9 | KR-KG-10 | Құрық ауылы әуежайына өту жолы | 2 |
10 | KR-KG-11 | "Сенек ауылы – Аққұдық елді мекені" | 87 |
11 | KR-KG-12 | "Құрық ауылы – Құрық ауылының порты" | 22 |
12 | KR-KG-13 | "Құрық порты – Қызылқұм жері" | 10 |
13 | KR-KG-14 | А-33 "Доссор – Құлсары – Бейнеу ауылы– Сайөтес ауылы – Шетпе ауылы – Жетібай ауылы – Ақтау порты" автомобиль жолы учаскесінің 707 шақырымнан – 713 шақырымға дейінгі 5 (бес) шақырымы | 5 |
Барлығы | 196,1 |