"Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 29 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29515 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Қарақия ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 147, 148, 157 сайлау учаскелері келесі редакцияда жазылсын:

      "№ 147 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-11-89.

      Шекарасы: Құрық ауылының Жолаушылар массиві көшесінің үйлері, Сәтпаев көшесінің № 1-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 1-14а, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27 үйлері, Маметова көшесінің № 1-24 үйлері, Т.Алиев көшесінің № 1-28а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 1-14а үйлері, Абай көшесінің № 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13 үйлері, Ш.Уәлиханов көшесінің № 1-14а үйлері, Автобаза, Қазақ ауыл, Ғ.Балмұханбетов, Сельхоз, Подстанция көшелерінің барлық үйлері.

      № 148 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қарақия теміржол станциясы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 7-15-40.

      Шекарасы: Қарақия теміржол станциясың барлық үйлері.".

      "№ 157 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекені, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Аққұдық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 42-050.

      Шекарасы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекенінің барлық үйлері.".

      көрсетілген шешімнің қосымшасы №161 сайлау учаскесімен толықтырылсын:

      "№ 161 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау шағын ауданы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 5-21-66.

      Шекарасы: Маңғыстау шағын ауданының барлық үйлері.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады