Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарақия аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/63 "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3246 болып тіркелген);
2) Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 маусымдағы № 31/315 "Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/63 "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3930 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай
Қарақия аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 28 қарашадағы | |
№ 20/196 шешіміне қосымша |
Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының жылдық нормасы, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,2927 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 2,2407 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 3,5020 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,9679 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,64 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,35 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,32 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,563 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,35 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түңгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,34 |
11 | Мұражайлар, көрмелер |
Жалпы алаңы | - |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары |
Жоба бойынша | 0,08 |
13 | Спорт, би және ойын залдары |
Жалпы алаңы | - |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер |
Сауда алаңы | 1,08 |
15 | Машиналардан сату |
Сауда орнының | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер |
Сауда алаңы | 0,34 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары |
Жалпы алаңы | - |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету |
Жалпы алаңы | - |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар |
Жалпы алаңы | - |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары |
Жалпы алаңы | - |
21 | Дәріханалар |
Сауда алаңы | 0,81 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,39 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,81 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,94 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі |
Жалпы алаңы | 0,32 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары |
Жалпы алаңы | 0,43 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | - |
29 | Моншалар, сауналар |
Жалпы алаңы | 0,76 |
30 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | - |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖС – автожанармай құю станциялары
м2 – шаршы метр
м3 – текше метр