Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/63 "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 маусымдағы № 31/315 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 маусымда № 3930 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28 қазандағы 2022 жылғы № 20/196 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.11.2022 № 20/196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17634 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 10-15-196 ұсынысының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/63 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3246 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада:

      реттік нөмірі 6-жол келесідей редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

6

Емханалар

1 келіп кету

0,14

      ";

      реттік нөмірі 7-жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,145

      ";

      реттік нөмірі 9-жол келесідей редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,4

      ";

      реттік нөмірі 10-жол келесідей редакцияда жазылсын:

      "

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,175

      ";

      реттік нөмірі 14 және 15-жолдар келесідей редакцияда жазылсын:

      "

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,54

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

-

      ";

      реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын.

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аббреавиатураның ажыратылып жазылуы:

      м² - шаршы метр.

      Сессия төрағасы А.Бекова
      Қарақия аудандық мәслихатының
      хатшысы А.Мееров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады