Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 қазандағы № 16/160 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазанда № 30217 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16 сәуірде 2024 жылғы № 11/84 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16.04.2024 № 11/84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 21 қазандағы №5/52 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3176 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында,11-бабының 2) тармақшасында,12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      6 тармақта:

      1) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      2) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      3) тармақшаның үшінші, төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдардан басқалары) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқалары) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      4) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      6) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      7) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      9) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Әлеуметтік көмек жекелеген келесі санаттағы мұқтаж азаматтарға бір рет және (немесе) мерзімді (бір рет, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:

      1) әлеуметтік маңызды аурулары бар: қатерлі ісіктері бар, туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табыстарын есепке алмай мүгедектік алғанға дейін бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, табыстарын есепке алмай бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде;

      3) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар, Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 бабында көзделген негіздер бойынша, өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылған адамдарға (отбасыларға) бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес;

      4) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешені, мәдениет және спорт саласында оқитын, өтініш берген айдың алдындағы он екі айда Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар студенттерге жартыжылдықта 1 рет оқу орындарымен көрсетілетін білім беру қызметі құнының жартысының мөлшерінде және тамақтануға, тұруға кететін шығындарды ішінара өтеу үшін ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      мүгедектігі бар адамдар болып табылатын студенттерге;

      жетімдерге, балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;

      ата-анасының екеуі де болмаса ата-анасының біреуі мүгедектігі бар адам (дар) болып табылатын немесе ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын студенттерге;

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар, оның ішінде кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін жоғарғы оқу орнында орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасының студенттері (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);

      5)  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген адамдарға табысы есептелмей шипажайлық-курорттық жолдама беріледі;

      6) үйде оқитын он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға оқу жылы уакытында ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы А. Сарбалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады