Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 175 "Маңғыстау ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4425 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Г. Ниязов |
Маңғыстау ауданының әкімдігінің | |
2022 жылғы 9 қарашадағы | |
№ 379 қаулысына қосымша | |
Маңғыстау ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 13 қаңтардағы | |
№ 175 қаулысына қосымша |
Маңғыстау ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенттері |
1 | Ақтөбе ауылдық округінің Ұштаған ауылы | 1,79 |
2 | Ақтөбе ауылдық округінің Жарма ауылы | 0,90 |
3 | Ақтөбе ауылдық округінің Сазды ауылы | 1,37 |
4 | Онды ауылдық округінің Онды ауылы | 1,74 |
5 | Онды ауылдық округінің Бекі ауылы | 1,49 |
6 | Онды ауылдық округінің Басқұдық ауылы | 0,96 |
7 | Шайыр ауылдық округінің Шайыр ауылы | 2,04 |
8 | Шайыр ауылдық округінің Тиген ауылы | 1,17 |
9 | Шайыр ауылдық округінің Тасмұрын ауылы | 1,21 |
10 | Тұщықұдық ауылдық округінің Тұщықұдық ауылы | 1,84 |
11 | Тұщықұдық ауылдық округінің Қияқты ауылы | 0,86 |
12 | Сайөтес ауылдық округінің Сайөтес ауылы | 1,82 |
13 | Сайөтес ауылдық округінің Боздақ ауылы | 1,39 |
14 | Шебір ауылдық округінің Шебір ауылы | 1,75 |
15 | Отпан ауылдық округінің Тұщыбек ауылы | 1,79 |
16 | Отпан ауылдық округінің 15-Бекет ауылы | 1,08 |
17 | Жыңғылды ауылы | 1,82 |
18 | Жармыш ауылы | 1,75 |
19 | Ақшымырау ауылы | 1,67 |
20 | Қызан ауылы | 1,77 |
21 | Шетпе ауылы | 2,06 |