Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 17/174 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30818 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы А. Сарбалаев

  2022 жылғы 21 қарашадағы
  № 17/174 шешіміне қосымша

Маңғыстау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері

Есептік бірлік

1 есептік бірлігіне жылдық норма, м3

1.1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

2,04

1.2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,04

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,82

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

2,04

4.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,44

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,35

6.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,44

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,04

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,44

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,87

10.

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,023

11.

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,07

12.

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,05

13.

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,87

14.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,87

15.

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,87

16.

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

1,8

17.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары

1 машина-орын

1,9

18.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,9

19.

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орны

2,43


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады