Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 13/76 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 мамырда № 28101 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 18 сәуірдегі 2024 жылғы №13/75 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 18.04.2024 №13/75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2241 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.";

      Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерінде:

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан Түпқараған ауданы әкімдігі жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы ауданы 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д. Меңдіханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады