Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 45/338 "Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 16/99 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қыркүйекте № 29617 болып тіркелді

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 26 маусымдағы №45/338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4253 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы Д. Меңдіханов

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 13 қыркүйектегі
  № 16/99 шешіміне
  1-қосымша
  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 26 маусымдағы
  № 45/338 шешіміне
  1-қосымша

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Форт-Шевченко қаласындағы, Бейменбет Маяұлы көшесінде орналасқан алаң.

      2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Форт-Шевченко қаласы, Ораз Бозахаров және Байбоз Қилыбайұлы көшелерінің қиылысынан Бейменбет Маяұлы көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін.

      3. Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесінде орналасқан алаң.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баутин ауылы, Захар Дубский көшесінің басынан Қашаған Күржіманұлы көшесінің қиылысына дейін.

      5. Қызылөзен ауылы әкімінің аппаратының "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі, №2ғимарат.

      6. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қызылөзен ауылы, Ізтұрған Нысанбаев көшесінің басынан Сатыбалды Сисенбаев көшесінің қиылысына дейін.

      7. Таушық ауылы әкімінің аппаратының "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты жанында орналасқан алаң. Таушық ауылы, Тұрар Жолдыбаев көшесі, №41 ғимарат.

      8. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесінің басынан Тұрар Жолдыбаев көшесінің қиылысына дейін.

      9. Ақшұқыр ауылы әкімінің аппаратының "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Ақшұқыр ауылы, Баланжан Қожашев көшесі, №5/1 ғимарат.

      10. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақшұқыр ауылы, Әлқуат Қожабергенов көшесінің басынан Баланжан Қожашев көшесінің қиылысына дейін.

      11. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында орналасқан алаң, Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі, №134 ғимарат.

      12. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесінің басынан Мақаш Елубаев көшесінің қиылысына дейін.

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 13 қыркүйектегі
  №16/99 шешіміне
  2-қосымша
  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 26 маусымдағы
  №45/338 шешіміне
  2-қосымша

Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Түпқараған ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Форт-Шевченко қаласындағы, Бейменбет Маяұлы көшесінде орналасқан алаң, шекті толу нормасы -100 адам;

      2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Форт-Шевченко қаласы, Ораз Бозахаров және Байбоз Қилыбайұлы көшелерінің қиылысынан Бейменбет Маяұлы көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы -100 адам;

      3) Баутин ауылы, Қашаған Күржіманұлы көшесінде орналасқан алаң, шекті толу нормасы -50 адам;

      4) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Баутин ауылы, Захар Дубский көшесінің басынан Қашаған Күржіманұлы көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы -50 адам;

      5) Қызылөзен ауылы әкімінің аппаратының "Қызылөзен мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Қызылөзен ауылы, Сатыбалды Сисенбаев көшесі, №2 ғимарат , шекті толу нормасы -40 адам;

      6) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Қызылөзен ауылы, Ізтұрған Нысанбаев көшесінің басынан Сатыбалды Сисенбаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы -40 адам;

      7) Таушық ауылы әкімінің аппаратының "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң.Таушық ауылы,Тұрар Жолдыбаев көшесі, №41 ғимарат, шекті толу нормасы -100 адам;

      8) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Таушық ауылы, Құлшық Жұбайұлы көшесінің басынан Тұрар Жолдыбаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы -100 адам;

      9) Ақшұқыр ауылы әкімінің аппаратының "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң. Ақшұқыр ауылы, Балажан Қожашев көшесі, №5/1 ғимарат, шекті толу нормасы-100 адам;

      10) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақшұқыр ауылы, Әлқуат Қожабергенов көшесінің басынан Баланжан Қожашев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы-100 адам;

      11) "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесі, №134 ғимарат, шекті толу нормасы -50 адам;

      12) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Сайын Шапағатов ауылдық округі, Мақаш Елубаев көшесінің басынан Мақаш Елубаев көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы- 50 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Түпқараған ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 13 қыркүйектегі
  №16/99 шешіміне
  3-қосымша
  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 26 маусымдағы
  №45/338шешіміне
  3-қосымша

Түпқараған ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Түпқараған ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады