Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түпқараған аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 26 маусымдағы №45/336 "Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4252 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Меңдіханов |