Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері (түбірімен босатылатын сүрек үшін белгіленетін мөлшерлемелерді қоспағанда) бекітілсін:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес шайыр және ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жанама орман пайдалану үшін;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіруге пайдаланғаны үшін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 3 маусымдағы | |
№ 189 шешіміне | |
1-қосымша |
Шайыр және ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштегі төлемақы мөлшерлемесі | |
Шайыр дайындау | гектар | 1,784 |
Қайың шырынын дайындау | гектар | 0,892 |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 3 маусымдағы | |
№ 189 шешіміне | |
2-қосымша |
Жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштегі төлемақы мөлшерлемесі | ||
1. | Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша: | ||
жақсы | гектар | 1,02 | |
қанағаттанарлық | гектар | 0,765 | |
нашар | гектар | 0,595 | |
2. | Мал жаю, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы: | ||
ірі мал: ірі қара мал, жылқы | бір бас | 0,476 | |
ірі қара малдың төлі | бір бас | 0,238 | |
есек | бір бас | 0,238 | |
ешкі | бір бас | 0,416 | |
қой | бір бас | 0,119 | |
3. | Ара ұялары мен омарта орналастыру | 1 омарта үшін | 0,850 |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 3 маусымдағы | |
№ 189 шешіміне | |
3-қосымша |
Қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Ағаш және бұта тұқымдарының атауы | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштегі төлемақы мөлшерлемесі | ||
1. | Қайың: | ||
қабықтар | тонна | 0,016 | |
бұтақтар | тонна | 0,032 | |
томарлар | тонна | 0,008 | |
тамырлар | тонна | 0,048 | |
жапырақтар | тонна | 0,024 | |
бүршіктер | килограмм | 0,016 | |
2. | Қарағай: | ||
қабықтар | тонна | 0,021 | |
бұтақтар | тонна | 0,042 | |
томарлар | тонна | 0,011 | |
тамырлар | тонна | 0,063 | |
жапырақтар | тонна | 0,032 | |
бүршіктер | килограмм | 0,021 | |
3. | Көктерек, терек: | ||
қабықтар | тонна | 0,011 | |
бұтақтар | тонна | 0,022 | |
томарлар | тонна | 0,006 | |
тамырлар | тонна | 0,033 | |
жапырақтар | тонна | 0,02 | |
бүршіктер | килограмм | 0,011 | |
4. | Бұталардың бұтақтары | тонна | 0,024 |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 3 маусымдағы | |
№ 189 шешіміне | |
4-қосымша |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіруге пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Орманды пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштегі төлемақы мөлшерлемесі | |
Ұзақ мерзімді орман пайдалану | ||
Ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін | гектар | 0 |
Аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін | гектар | 0,850 |
Ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін | гектар | 0,425 |
Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін | гектар | 1,625 |
Қысқа мерзімді орман пайдалану | ||
Ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін | Адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |
Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін | Адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |