2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 маусымдағы № 267 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28580 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 17 маусымдағы
  № 267 қаулысына
  қосымша

2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет қаражаты есебінен)

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі (күндізгі)

Жоғары оқу орындарында бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

2022 жыл

2023 жыл

1

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6B011 Педагогика және психология

2

300 333

600 667

2

6В013 Пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

2

300 333

600 667

3

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

6

300 333

600 667

4

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

2

300 333

600 667

5

6B11 Қызмет көрсету

6B111 Қызмет көрсету саласы

3

238 300

476 600

Барлығы

15

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады