Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 125 "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 443 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қазанда № 30196 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" 2020 жылғы 31 наурыздағы № 125 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9107 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

      реттік нөмірі 1107-жол алынып тасталсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Мәдениет

      және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады