Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 486 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қарашада № 30453 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген);

      2) Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 "Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтіқ жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 25 маусымдағы № 272 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5779 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады