Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 543 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31114 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 996, 997, 998, 999, 1000, 1001, 1002-жолдарымен толықтырылсын:

      "

996

Щучье көлі

4,0

Денисов

997

Взрывной котлованы

4,1

Қарабалық

998

Перелески котлованы

2,22

Қарабалық

999

Жыланды көлі

34,97

Меңдіқара

1000

Қарақамыс көлі

1161

Меңдіқара

1001

Татарское көлі

89

Ұзынкөл

1002

Директорский тоғаны

5,1

Федоров

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады