Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" 2022 жылғы 16 ақпандағы № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26901 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 29 желтоқсандағы | |
№ 585 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 16 ақпандағы | |
№ 69 қаулысына | |
қосымша |
2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Субсидияланатын тұқымдардың санаты | Бюджет қаражатының көлемі, мың теңге |
1 | Бірегей тұқымдар | 112 427,875 |
2 | Элиталық тұқымдар | 754 475,642 |
3 | Бірінші репродукция тұқымдары | 699 024,865 |
4 | Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | 164 071,618 |
Барлығы | 1 730 000,0 |