"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қаласы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған бір шаршы метрге 32,47 теңге сомасында шығыстардың ең төмен мөлшері коэффиценттерді ескере отырып қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Сандыбеков |