Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2022 жылғы 3 маусымдағы № 121 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 маусымда № 28424 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 511 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мерзімді көрсетіледі (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет):

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, екі еселік мөлшерінде ең төмен күнкөріс деңгейі, ай сайын;

      4) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға табыстарын есепке алмай, амбулаториялық емдеу кезеңіне, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) білім беру гранттарының иелері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, жартыжылдықта 1 рет, оның ішінде:

      өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар барлық санаттағы мүгедектерге Қазақстан Республикасында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi.";

      7-тармақтағы 4) тармақша алынып тасталсын;

      13 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:

      осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаның ата-анасы не заңды өкілі өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар өтінішті мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) туберкулезбен ауырғанын және амбулаториялық емделуде болғанын растайтын құжат.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады