"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындырын бекіту туралы" 2019 жылғы 3 маусымдағы № 667 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8507 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | К. Испергенов |