Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Арқалық қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25047 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Оқуға арналған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куаландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.
7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылына әр мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Елтебаева |