Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Амангелді аудандық мәслихатының хатшысы | К. Кеделбаев |
Амангелді | |
аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 28 сәуірдегі | |
№ 113 шешіміне | |
қосымша |
Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,65 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,70 | |
2 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,52 |
3 | Балабақшалар, бөбекжай | 1 орын | 0,30 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,97 |
5 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0007 |
6 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 0,78 |
7 | Мектептер | 1 оқушы | 0,12 |
8 | Қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,40 |
9 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,04 |
10 | Мұражайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
11 | Стадиондар | жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
12 | Спорт залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,013 |
13 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары | сауда алаңы 1 м2 | 0,35 |
14 | Автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
15 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,13 |
16 | АЖС | 1 машина-орын | 1,56 |
17 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 5,21 |
18 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 3,27 |
19 | Тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
20 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
21 | Моншалар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |