"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2- тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 23 қарашадағы № 241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8133 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Койшибаев |