Әулиекөл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 152 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте № 29893 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Әулиекөл ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Койшибаев

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 152 шешімімен
  бекітілген

Әулиекөл ауданы бойнша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

318,32

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

321,6

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 м3

3937,99


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады