ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 105 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин ауданының әкімі | Ш. Оспанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жангелдин аудандық мәслихаты
Жангелдин ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 14 ақпандағы | |
№ 18 қаулысына | |
қосымша | |
Жангелдин ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 2 тамыздағы | |
№ 105 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
3) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
3) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
4) кітапханашы;
5) кітапхана басшысы (меңгерушісі);
6) барлық атаудағы әртістері;
7) режиссер;
8) редактор (негізгі қызметтер);
9) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
10) әкімші (негізгі қызметтер);
11) дирижер;
12) библиограф;
13) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
14) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
15) хореограф;
16) дыбыс режиссері.
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) әдіскер.
4. Тілдерді дамыту саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.