Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы | С. Нургазин |
Жангелдин аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 5 мамырдағы | |
№ 102 шешіміне | |
қосымша |
Жангелдин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,32 |
2 | Интернаттар | 1 орын | 0,72 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,32 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай | 1 орын | 0,32 |
5 | Мекемелер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,77 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0013 |
7 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 0,78 |
8 | Мектептер | 1 оқушы | 0,18 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар | 1 отыратын орын | 0,13 |
10 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,07 |
11 | Мұражайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,014 |
12 | Стадиондар | Жоба бойынша 1 орын | 0,007 |
13 | Спорт және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,010 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,10 |
15 | Базарлар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,13 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,23 |
17 | Автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,68 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,61 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,56 |
20 | Тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
21 | Моншалар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |