Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 159 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 тамызда № 29202 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы С. Кстаубаева

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 10 тамыздағы
  № 159 шешіміне
  қосымша

Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,89
2,16

2.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,20

3.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

1,40

4.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,12

5.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,008

6.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,81

7.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,28

8.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,86

9.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,36

10.

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,081

11.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,070

12.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

13.

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,83

14.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,24

15.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,24

16.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

1,65

17.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,58

18.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,05

19.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,24

20.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,36


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады