Қарасу ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 183 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31182 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 14.12.2023 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде болып бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Кажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады