Меңдіқара ауданы бойынша 2022 жылға шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 167 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30723 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы, 2 - тармағы 2 - 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құнының 0 (нөл) пайызын бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Байбулатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады