Меңдіқара ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 134 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30957 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меңдіқара ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Г. Бекбаев

  Меңдіқара
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 134 қаулысына
  қосымша

Меңдіқара ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан орны

Алатын алаңы, (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын маңдағы инфрақұрылымды ескере отырып, қызмет саласы (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілер)

1

Меңдіқара ауданы Алешин ауылдық округі Молодежное ауылы Школьная көшесі № 6 тұрғын үйдің оң жағында

50

5

жоқ

2

Меңдіқара ауданы Боровское ауылы Омская көшесі № 2 ғимараттың сол жағында

100

5

жоқ

3

Меңдіқара ауданы Буденый ауылдық округі Буденовка ауылы Достық көшесі № 7 үйдің сол жағында

30

5

жоқ

4

Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округі Введенка ауылы Школьная көшесі № 3 ғимараттың сол жағында

30

5

жоқ

5

Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі Ұзынағаш ауылы Қайрат Рысқұлбеков көшесі № 5 үйдің сол жағында

30

5

жоқ

6

Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі Красная Пресня ауылы Ленин көшесі № 9 үйдің оң жағында

15

5

жоқ

7

Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округі Қасқат ауылы Школьная көшесі № 24 үйдің сол жағында

20

5

жоқ

8

Меңдіқара ауданы Михайловка ауылдық округі Михайловка ауылы Ленин көшесі № 98 үйдің оң жағында

15

5

жоқ

9

Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі Первомайское ауылы Советская көшесі № 43 үйдің сол жағында

60

5

жоқ

10

Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі Харьковское ауылы Центральная көшесі № 28 ғимараттың оң жағында

40

5

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады