Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2022 жылғы 9 маусымдағы № 134 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28480 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Абенова

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 09 маусымдағы
  № 134 шешіміне
  қосымша

Науырзым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

р/с №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

0,70

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,75

2

Қонақ үйлер

1 орын

0,52

3

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,29

4

Мекемелер, ұйымдар, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,05

5

Емханалар

1 келіп кету

0,0013

6

Ауруханалар

1 төсек-орын

0,65

7

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,16

8

Мейрамханалар

1 отыратын орын

0,26

9

Стадиондар

Жоба бойынша 1 орын

0,01

10

Спорт залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,14

11

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

0,20

12

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,14

13

Автожанармай құю станциясы

1 машина-орын

3,3

14

Тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,10

15

Моншалар

Жалпы алаңы 1 м2

0,18


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады