Мәслихаттың 2022 жылғы 30 маусымдағы № 174 "Сарыкөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 191 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29522 болып тіркелді

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Сарыкөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2022 жылғы 30 маусымдағы № 174 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28718 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы К. Базарбаева

  Сарыкөл аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 8 қыркүйектегі
  № 191 шешіміне
  қосымша

Сарыкөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

314,21

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

377,46

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 м3

2 448,39


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады