Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365 - бабы 3 - тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыкөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл аудандық мәслихатының хатшысы | К. Базарбаева |
Сарыкөл аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 30 маусымдағы | |
№ 174 шешіміне | |
қосымша |
Сарыкөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 08.09.2022 № 191 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 314,21 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 377,46 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 2 448,39 |