"Аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 236 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 шілдеде № 28901 болып тіркелді

      Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 204 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7995 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3- бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.".

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі К. Муржакупов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы

      әкімдігінің жолаушылар

      көлігі және автомобиль

      жолдары Басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі

  қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
  2018 жылғы "11" шілдедегі
  № 204 қаулысына
  қосымша

Аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесі

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, километр

1

КР-TR-1

"Новоильиновка-Козыревка"

28,0

2

КР-TR-2

"Тобол-Новоильиновка-Павловка-Апановка-Евгеновка"

100,0

3

КР-TR-3

"Новоильиновка-Богородское"

2,0

4

КР-TR-4

"Новоильиновка-Мирное"

4,0

5

КР-TR-5

"Новоильиновка-Притобольское"

2,0

6

КР-TR-6

"Береговое-Нагорное"

18,0

7

КР-TR-7

"Юбилейное-Береговое"

9,0

8

КР-TR-8

"Красносельское-Журавлевка"

7,0

9

КР-TR-9

"Красносельское-Щербиновка"

20,0

10

КР-TR-10

"Тобыл-Приозерное"

24,0

11

КР-TR-11

"Новоильиновка-Увальное"

9,0

12

КР-TR-12

"Варваринка-Баталы"

25,0

13

КР-TR-13

"Әйет-Майлин"

2,0

14

КР-TR-14

"Әйет -Қызылжар"

2,0

15

КР-TR-15

"Тобыл- Әйет"

14,0

16

КР-TR-16

"Қайындыкөл-Смайыл"

20,0

17

КР-TR-17

"Елизаветинка-Юбилейное" ("Причал" туристік базасына кірме жол)

1,39

18

КР-TR-18

"Елизаветинка-Нагорное" ("Горняк" пансионатына кірме жол)

14,7

Барлығы: 302,09


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады